Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Оқуға құштар мектеп

Кежек ауылдық кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында«Менің отбасым және кітап» атты апталық өз мәресіне жетті.
Мақсаты: Отбасы мен кітапхананың ортасында тығыз байланыс орната отырып оқырмандарды кітап оқуға шақыру. Отбасы болып кітап оқу баланың кітапқа деген қызығушылығын оятуы сөзсіз. Осы бағытта біздің кітапханашылардың еңбегі зор.
Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де кітапханадан табасыз. Кітапхана—оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.
Апталыққа 9 отбасы қатысып нәтижесінде: отбасында оқыған кітапты талқылай отырып, жас ұрпақты кітап сүйгіштікке, кітап оқу арқылы дұрыс жазуға, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
 
 

Келулердің саны: 529