Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Сана би Қожантайұлы

САНА БИ /1717-1797 ж.ж./                                                       

  Сана би Қожантайұлы халық бірлігі мен бүтіндігінің ынтымағының ұйытқысы болған бабаларымыздың бірі. Қараманда бимен бір мезгілде өмір сүрген, Қаракеңнің сенімді серігі, халық қысылғанда жол, қиналғанда дана сөз таба білген аса зерделі, асқан көріпкел әулие адам болған. Сана би Орта Жүзге белгілі даналардың қатарында аталады. Қаракең мен Санекең көш бастап Дадан тобықтыны Тоқырауын бойы мен Балхаш көлінің маңына қоныстандырар да сана би көш бастап, жер шолған екен. Сонда Сана би Балхаш бойына келгенде «Ойы-балық, қырық-киік, кедейдің жан сақтар жері екен» депті. Бабаның айтқаны келді. Дадан тобықты ұрпақтары Балхаш, Тоқырауын бойында өсіп-өнді. Ал Санабидің ұрпақтары бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның әр түпкірінде, әр салада жемісті еңбек етіп жүр. Сана бидің ақылдылығы мен алғырлығы мен алғырлығы бала кезінен-ақ таныла бастапты. Бұған Ұлы Жүз Үйсіннің Дулат руынан шыққан белгілі Қылышбай бидің ел аузында сақталған мына сөздері дәлел болса керек:

Байқаймын мына жатқан Бетпақдала,

 Көшті бастап барады Сана бала.

 Бала екен деп өкемдік жасамағын,

 Ақыл шығар түбінде дана бала.

Сана би Ақтоғай-Балхаш көтерме жолының бойында Қарақұла ауылының тұсындағы халық «Санкең басы» деп атап кеткен төбеде жерленген. Ел аузында қалған аңыз бойынша фәни ден бақиға өтер алдында: «Менің сүйегімді ақ түйме артындар. Түйе қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер», депті. Түйе екі, күн түн жүріп қазіргі Сарытерек ауылынан он шақырымдай жердегі осы төбеге шөгеді. Сана би жатқан осы жер қазір де баяғысынша көпшілік тәу ететін қасиетті орын болып табылады.

Сана би Қожантайұлы – халық бірлігі мен бүтіндігінің, ынтымағының ұйтқысы болған бабаларымыздың бірі. Қараменде бидің қапияда жол табатын, ойламаған жерде сөз табатын, жақсы көретін жан серігі болған. Содан бері бұл жер Сана би басы аталады. Тарихтағы бір аңыз бойынша: «Қараменди би бірде Сана биді жер шолуға жібереді. Жер шолып қайтқан Сана: «Төменде, үлкен қақтың терістік-шығысында бос жер бар екен. Жайлы қоныс, құт мекен болуға лайықты. Үш Дересін деген жер көрдім. Қақтың оңтүстікбатыс жиегі де бос. Ертеде Қыпшақтар мекендеп, күл төгіпті. Ойы-балық, қыры-киік, жері құмайтты болғанмен шөбі ащылы-тұщылы, малға жұғымды. Қамысына түйе бойламас, қалың ну. Қысы жұмсақ, жайлы болар. Аз ауылға құт-береке боларлық жер екен. Ұрпақ өсіп, ел мекендер. Жаз жайлауға арқа беліне көтерілерміз. Майқы-Танастың сөз ұстар азаматтары болса, Әлтеке атаңның анасы мен өзін қалмақ қолынан аман алып шыққан Жуантаяқтың /Дәулетбек/ шөбересі Толын қарт бабамыздың қарызын ұмыта қоймас. Жазғы 4-5 айға көдестің түбі мен өзегінің суына таршылық жасамас. «Тәуекел» осы жерді мекендейік», деп кеңес берген екен. Осыдан соң Дадан әулеті Балқаш көлі маңына қоныс аударады. Алғашқыда терістік шығыс жағалауын кейіннен терістік-батыс жиегін Шұбыртпалылармен қатар қоныстанып, мекендейді. Дадан әулетінің жаз жайлауда Сарыарқа белі Қайдауыл-Шеруке, Қаражал Маутан жеріне дейін көтерілуі Қазыбек бидің тұсында, сол кісінің мақұлдауымен шешілген делінеді. Сана би кесенесі Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылынан солтүстікке қарай орналасқан.


Келулердің саны: 971